№3 Павлодар қалалық ауруханасында «Дәрі жіберудің барлық түрлерін орындау ережесі. Манипуляцияны орындау кезіндегі асептика және антисептика» тақырыбы бойынша мейірбикелік конференция өтті. Шараның ұйымдастырушылары – ота блогының қызметкерлері.
Семинар әдеттегідей көктамыр ішіне дәрі жіберудегі қарсы көрсетім, тері астына дәрі жіберу кезіндегі дәрілік заттардың көлемі мен сонымен бірге оның енгізілуі, манипуляция алдында спирттелген сулықтары бар ампулалар сүртілетіні туралы сұрақтарға білімді тексеретін пре-тестер жүргізілумен басталды.
Тақырыпты ашу рәсімін №3 ПҚА ота блогының аға мейірбикесі Е.П. Семенчук дайындады. Дәрі жіберудің барлық түрлерін орындау ережесі туралы негізгі сұрақты ота блогының мейірбикесі М.А. Вайцель жете айтып берді. Медициналық ұйым қызметкерлерінің қолды өңдеу бойынша ұсыныстар әдістемелігі баяғыдан-ақ, Үшінші аурухана қызметкерлерінің күнделікті қажетті кітабына айналғанын ерекшелесе болмас. Таңғыш түрлері туралы баяндаманы ота мейірбикесі М.М. Сейітова нақышына келтіріп жеткізсе, мейірбике Л.А. Чемеленко әріптестерімен бірге қол жуу техникасының қыр-сырын ашты.
Қол арқылы таралатын микроағзалардың мүмкін болатын жолдарын үзу және аурухана ішіндегі жұқпалардың пайда болу қаупін төмендету мақсатында қызметкерлер, қолдарының ластануы ықтимал болатын барлық жағдайларда қолдарын өңдеулері қажет.
Тренингтің соңында қатысушылар пост-тестке жауап беріп, алынған білімдерін нығайтты.
К. Апаев