№3 ПҚА терапия, эндокринология бөлімшелерінде, инсульт орталығында, шаруашылық-әкімшілік бөлімінде қызметкерлер арасында жемқорлық белгісінің алдын-алуы бойынша ақпараттық-түсіндірмелік жұмыс өтті.
Әр бөлімшеде емделушілерді қолдау Қызметінің бұрышы бар, бұл жерде азаматтардың аурухананың әкімшілігіне жазбаша түрде жүгінулеріне барлық жағдай жасалынған. Сондай-ақ, бұл жерде: облыстық денсаулық сақтау басқармасының – 65-38-90 сенім телефоны, ҚР ДСЖӘДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау Комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің – 55-57-09 сенім телефоны, №3 ПҚА бас дәрігерінің 64-39-09 телефоны, бас дәрігердің ішкі аудит жөніндегі орынбасарының – 65-38-96 телефоны жазылған ақпаратымен таныса аласыз.
Емделуші сонымен қатар, өзіңе ыңғайлы кез-келген түрде Павлодар қаласы, Батурин көшесі, 4/1 құрылыста орналасқан азаматтардың өтініштеріне арналған жәшігі, корреспонденттік поштасы арқылы немесе bsmp@inboх.ru электоронды мекенжайымен аурухананың сайты арқылы жүгіне алады.
Аурухана қызметкерлері тарапынан жемқорлыққа қарсы заңнаманың барлық бұзу жағдайларында немесе медицина қызметкерлерінің этикасын сақтамауда емделуші жүгінуге өз құқығын жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болады және жауапты он күндік мерзімде алады.
Айтпақшы, қала тұрғындары №3 ПҚА сайтын белсенді түрде қолданады, әсіресе «Сұрақ-жауап» айдары ерекше назарда. Емделушілердің негізгі сұрақтары дәрігерлердің қабылдау уақытына, оталарға, эндокринологиялық мәселелеріне, инсульттан кейінгі оңалтуына қатысты. Сол себепті де, біз Сіздерді бұл қызмет түрімен қолдануға шақырамыз.
Р. Апаева