контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
№3 ПҚА Инсульт орталығына мың алғыс
21-10-2015 09:53
№3 ПҚА Инсульт орталығына мың алғыс

Ем қонып, дертінен құлан-таза айыққан емделуші Светлана Мегедь Павлодар қаласының әкімі Болат Жұмабекұлы Бақаевтың атына алғыс сөзін білдірген хат жолдады. Егжей-тегжейлі үндеудің мағынасын төменде жеткіземіз.

Сәлеметсіз бе Болат Жұмабекұлы! Мен Павлодар қаласының №3 Қалалық ауруханасындағы Инсульт орталығының барлық қызметкерлер құрамына зор алғысымды білдіргім келеді. Әсіресе, маған тән саулығымен қатар, жан дауасын сыйлаған емдеуші дәрігерім Ризагүл Еркынқызы Әлмағанбетоваға, бөлімше меңгерушісі Алмагүл Күмісбекқызы Күмісбековаға, аға мейірбике Оксана Николаевна Шестопаловаға, ем-шара мейірбикесі Елена Борисовна Лунеговаға және де барлық орта буын, кіші буын медицина қызметкерлеріне алғысым шексіз.

Бұл адамдар жай ғана өз ісінің білгірлері ғана емес, олардың жан жылулары, қарапайымдылықтары таң қалдырады. «Бар болыңыздар, нар болыңыздар» деген тілекпен тағы бір мәрте мың бір рахметімді айтып, басымды иемін. Қаншалықты жұмыстың ауыртпалығын көрсеңіздер, соншалықты еңбектеріңіз елене берсін демекпін. Денсаулық, сәттілік пен бақыт мәңгілік серіктеріңіз болсын!

Шексіз құрметпен

Светлана Анатольевна Мегедь.