27 қазан күні №3 Қалалық аурухананың мәжіліс залында эпидемиолог Л.С. Кәрімованың бастамасымен вирустық гепатит бойынша дәрігерлік конференция өтті.
Осы күні бауырды зақымдайтын онға тарта вирус белгілі. Уақыт өте келе гепатотроптық вирустар саны ұлғаюда. Анағұрлым А, В, Д, С, Е вирустық гепатиттер зерделенген. А және Е вирустық гепатиттер жіті сценарийі бойынша өтіп, клиникалық сауығып кетумен аяқталады. А, Е вирустық гепатиттердің жұғу жолдары – су, азық-түліктер, тұрмыстық байланыс қарым-қатынасы. В, С, Д вирустық гепатиттер үшін жұғу жолдары – жұқпа қан және сонымен байланысты – сілекей, шәует сұйықтықтары.
Семинардың кеңейтілген бағдарламасын эпидемиолог дәрігер Кәрімова таныстырым түрінде патологияның бейнесінің көрнекі дәлелімен құрастырған. Конференция ұйымдастырушысы анағұрлым нақтырақ клиникалық формасын, вирустық гепатиттен болатын асқынулар мен өлім-жітім сұрақтарын мазмұндады. Сонымен, В вирустық гепатитінің асқынуы уақыт өте келе бауыр фиброзының (циррозының) дамуы болып табылады, сонымен бірге циррозсыз бауыр обырының ықтималдығы – 20-50%, цирроз жағдайында – 13-30%, Д вирустық гепатиті қосылу кезінде – 80% дейін.
Емдеу мекемесінің ерекшелігін есепке ала отырып, эпидемиолог алдын алу, парентералды гепатиттерінің кәсіби қауіпі мен вакцинациялану сұрақтарына жете тоқталуды дұрыс деп тапты. Л.С. Кәрімованың ойынша, ең талқыға салынатын мәселе: кім және қалай вирустық гепатитті жұқтырып алады сұрағы болып қалмақ. Күннің өзекті тақырыбына арналған конференция қойылған сұрақтардың жауабын табумен аяқталды.
К. Апаев