10 қарашада №3 ПҚА парапроктит бойынша дәрігерлік конференция жүргізілді. Тақырып хирург дәрігер И.А. Лимен дайындалды. Парапроктит – бұл тура ішектің айналасын қоршаған өзекшелердің қабынуы.
Дәрігер И. Ли парапроктиттің басты себебі артқы жолға жақын бөкседегі тығыз ауыршаң инфильтраттың пайда болуынан деп санайды. Одан басқа, парапроктит кезінде көбінесе дененің қызуы көтеріліп, жалпы әлсіреу болады. Әріптестер алдында сөз бастаған баяндамашы парапроктит емінің үлгісін белгілеп берді.
Егер парапроктиттің емі іріннің пайда болуына дейін басталса, онда дұрысы түймедақтың немесе соған ұқсас шөптердің қосындысымен ыстық былауды күніне бірнеше рет қолдану керек. Көбінесе парапроктит кезінде терең зақымдану пайда болуы мүмкін, тіпті ішек жыланкөзге дейін әкеліп соғады. Осындай жағдайларда парапроктиттің емі әрқашанда хирургиялық жолмен ғана қонады. Парапроктитті алдын алу үшін ең алдымен артқы жолдың және тура ішектің, геморройдың сызаттарын емдеу қажет.
Тәжірибе көрсеткендей: созылмалы парапроктит көптеген түрлі асқынулардың дамуына әкеп соғады. Себебі жыланкөз өзінен өзі емделіп кетпейтіні анық, ол сырқаттың қайтадан қайталануын тудыруы мүмкін. Созылмалы парапроктитпен сырқаттанған адамда егер де қан аралас ірінді бөліністер пайда болса, онда оған проктолог дәрігерге жүгіну қажет. Өйткені, парапроктит созылмалы түрінде қауіпті ісінулерге айналып кетуі ғажап емес. Таныстыру рәсімі сырқаттың әртүрлі суреттердің көрсетілуімен жалғасын тауып, мәнді болды.
К. Апаев