контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
№3 ПҚА өткен диабетпен өмір сүру туралы конференция
27-11-2015 07:03
№3 ПҚА өткен диабетпен өмір сүру туралы конференция

Облыс бойынша жалғыз ғана эндокринология бөлімшесі бар №3 Павлодар қалалық ауруханасында Республикалық диабет мектебі нұсқаушысының қатысуымен «Диабетпен өмір сүруге үйрен» атты конференция өтті.

Конференция жұмысына қант диабетімен сырқаттанған науқастар, сондай-ақ аурухананың барлық бөлімшелерінің дәрігерлері мен мейірбикелері белсенді түрде қатысты. Конференция барысында диабетті қалай бақылауда ұстау керек, қалай дұрыс тамақтану мен денеге түсетін ауырлықты қандай болу қажет сияқты сұрақтар қызу талқыланды. Сөз алған мамандар жұмыс тәжірибелерін ортаға салып, диабет саласындағы жаңа білімдерімен бөлісті. Арбаға таңылған ғаріп жандар осындай үйрететін семинарлар оларға ауадай қажет екендігін айтып, диабетпен ауыратын жандардың жалпы ойларын білдірді.

Дүниежүзілік диабетпен күрес күні барлық елдерде 14 қарашада тойланады, бұл күні алғашқы рет инсулинді ойлап тапқан канадалық ғалым Фредерик Бантинга дүниеге келген екен. Бұл күн көп адамдардың есіне диабеттің қауіптілігі өте жоғары екендігін салады. Бұл аурумен сырқаттанғандар саны жыл сайын өсіп барады. Диабет көп ғасырлар бойы ауыздықталмай келеді. Адамдар бұл сырқаттың емін көп уақыт бойы таба алмай келеді. Тек 1922 жылы Фредерик Бантинг алғашқы рет 14 жастағы ұл балаға инсулин екпесін жасап, бұл сырқатты ауыздықтайды. Толығымен инсулиннан адам сауығып кетпесе де, сол инсулин көптің өмірін ұзартып, қалыпты өмір сүруге жағдай беруде. Тек назардан тыс болмау қажет.

Қант диабеті, обыр, атеросклероз сияқты қауіпті аурулардың үштігіне кіреді екен, бұл аурулар мүгедектікке және өлімге әкеліп соғуы әбден мүмкін, сондықтан сақтану керек.

К. Апаев