4 желтоқсан күні №3 Павлодар қалалық ауруханасында Дүниежүзілік ЖИТСпен күрес бойынша кампания аясында «АИТВ-жұқпасы мәселелері бойынша психоәлеуметтік кеңес беру» тақырыбында дәрігерлік конференция өтті. Шара ұйымдастырушысы – госпиталды эпидемиолог Л.С. Каримова.
Күн тәртібіне қойылған бағдарламаны айқындап алған дәрігер медицина қызметкерлеріне Павлодар облысындағы 2015 жылғы 31 қазан үшін АИТВ-жұқпасы бойынша эпидемиологиялық жағдайды баян етті.
Сонымен, осы жылдың 10 айы ішінде ҚР азаматтары арасында облыста АИТВ-жұқпасы бар 148 жағдай тіркелген. Людмила Сахибовна әріптестерінің назарын аталған санның 109 жағдайы Павлодардан екендігіне ерекше аудартты. Ал бұл дегеніміз, шындығында ой түрткі боларлық жағдай емес пе, деді баяндамашы.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, адамның өзінің АИТВ-статусы туралы білгені – АИТВ алдын алуының басты механизмі. Дәрігердің таныстырым үлгісінде дайындалған материалдары отыздан аса слайдтардан тұрды: психоәлеуметтік кеңес беру сатылары, ПӘКБ тесталды және тесттен кейінгі ережелері, АИТВ-ға жасалған тестегі теріс және оң нәтижелер алудағы жауап нұсқалары. Кеңес беру нәтижесі АИТВ-ға тестен өтуге рұқсаты немесе келіспеуі туралы толық ақпараттану негізіндегі пациенттің шешімі болуы мүмкіндігін дәрігер білуі қажет.
№3 ПҚА Дүниежүзілік ЖИТС бойынша кампания барысында орасан зор жұмыстар атқарылды. Конференциядағы талқылауға жататын ерекше тақырып ол, ЖИТС ОО-ның әдістемелік ұсыныстары мен АИТВ-жұқпасы бойынша нормативтік құжаттар болды. Сонымен қатар дәрігерлер «АИТВ-жұқпасының таралудағы алдын алуы» бейнефильмнің тамашалады.
К. Апаев