контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
«Нұротандықтар» Жолдауды талқылады
13-12-2015 11:55
«Нұротандықтар» Жолдауды талқылады

Қасиетті жұма күні Елбасының Жолдауын талқылау бойынша «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының №3 Қалалық аурухананың бастауыш партия ұйымы бастаған ашық жиналысы болып өтті.

 

Медицина қызметкерлерінің партиялық ұйымындағы Жолдауды талқылау барысында БПҰ төрағасы Қуаныш Құралғазыұлы Нысанбеков Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей сөзін айту қажет деп тапты:

- Бізді алда қиын-қыстау күндер күтіп тұр. Мен Қазақстан халқына жолдаған Жолдауымда қойылған барлық тапсырмаларды орындауда «Нұр Отан» партиясына ерекше сенім артамын. Жолдау партияның барлық мүшелері үшін негізгі жасайтын қадаммен қатар, алдағы жылдарға арналған бағдарламалар көзі болуы қажет.

Мәжіліс залында отырған 150 қызметкерлер үшін, сонымен қатар 47 «нұротандықтар» үшін елдің берекелі де іргесінің берік болуын тілеген Елбасының бұл үндеуі әрбірінің жүрегіне жол іздеген жанайқайы іспетті болды. Осынау оңай емес заман туғанда, «бірлік бар жерде тірлік бар» деген нақылдың айтылуы орынды шығар. Біз, қазақстандықтар, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, әлемді жалмаған дағдарыс кезеңінде «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығаруға міндеттіміз. Жаңа әлеуметтік саясат туралы, бюджеттік шығындарды оңтайландыру туралы сөз бастаған №3 ПҚА заңгері Ж.Э. Телжанова маңызды тақырыптың басын ашты. Белгілі болғандай, алдағы жылдың 1-қаңтарынан бастап медицина қызметкерлерінің еңбекақысы көтеріледі, осыған байланысты, мемлекет қиын-қыстау кезеңнің өзінде халық алдында міндеттерді орындап, елдің әл-ауқатын сақтауға бар күш-жігерін салуда екендігін мойындау керек.

№3 ПҚА «нұротандықтарына» жүктелген істің басын қайыруға зор міндеттер артылған. Елбасы Жолдауының белсенді түрде талқылануы осының бірден-бір дәлелі болмақ.

 

К. Апаев