контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
Инсульт орталығының дәрігеріне мың алғыс
22-12-2015 20:19
Инсульт орталығының дәрігеріне мың алғыс

Облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың сайтына №3 Павлодар қалалық ауруханасының Инсульт орталығында ем қабылдаған емделуші Владимир Иванович Мищенко алғыс хатын жолдады. Ұжымның да хабардар болуы ниетінде бұл хат №3 қалалық ауруханасына да жіберілген болатын. Төменде алғыс хаттың толық мазмұнын келтіруді жөн санадық.

Аса қадірменді Қанат Алдабергенұлы! Өз тарапымнан №3 Павлодар қалалық ауруханасының дәрігері Иван Павлович Воробьевқа зор алғысым мен ризашылығымды білдіргім келеді. Инсульт орталығында ем қабылдаған сол бір он күннің ішінде, өзімді анағұрлым жақсы сезініп қалдым. Ауруханаға түспей тұрып, өзімді нашар сезінгенім рас. Бақылаудан өтіп, ем қабылдап, түрлі ем-шаралардан өткеннен кейін, қазір хал-ахуалым жаман емес.

Деніме саулық сыйлаған осы бір ақ халатты абзал жанға шын жүректен басына амандық, деніне саулық, отбасына құт-береке тілеймін.

Құрметпен,

Владимир Иванович Мищенко