контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
Медициналық бұйымдардың зарарсыздандырылуы
25-12-2015 22:25
Медициналық бұйымдардың зарарсыздандырылуы

№3 Павлодар қалалық ауруханасында «Медициналық бұйымдардың залалсыздандырылуын, зарарсыздандыруалды тазартылуын және зарарсыздандырылуын ұйымдастыру және жүргізу» тақырыбында мейірбикелік конференция болып өтті.

 

Конференция ұйымдастырушысы – Орталықтандырылған зарарсыздандыру бөлімшесі болды. Осындай өзекті тақырыптың мазмұнын ашу үшін материалдар дайындаған бөлімшенің аға мейірбикесі Б.Қ. Жәкішева жиналған қауымға аталған тақырыпты түсінікті етіп жеткізді. Көпшілік алдында сөз бастаған баяндамашы әсіресе, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау үшін өз ісінде нұсқау етіп қолданатын қаулыларға назар аудару керектігін айтып өтті.

ОЗБ қызметі жұмысының тәртібіне көп нәрсе байланысты. Конференция қатысушыларымен сала-саламен зарарсыздандырудың екі аймағы қарастырылды. Медицина қызметкерлері зарарсыздандыру аймағына автоклавты және эксподициялық бөлмелер жататының екі кісідей білуі қажет. Ал, зарарсыздандыру емес аймаққа – жуу және қораптағылар жататынын тағы білген жөн. Жуу ерітіндісін дайындау, медициналық тағайындаудағы бұйымдардың зарарсыздандыру сапасына бақылау, зарарсыздандыру әдістері – осы сұрақтардың барлығы ең мұқиятты түрде зерделенді. Аға мейірбикенің слайд түріндегі материалдары жұмыс түсірілімдерімен жалғасын тапты.

№3 ПҚА өткен оқыту семинары әдеттегідей қол жуу алгоритмімен аяқталды.

К. Апаев