2016 жылғы 19 қаңтарда №3 ПҚА-да 2015 жылды қорытындылау шеңберінде өткен дәрігерлік конференцияда Инсульт орталығының меңгерушісі А.К. Күмісбекова есептік сөзімен көпшілік алдында сөз алды.
Құрамына кестелерді, графикалық мәліметтерді, соңғы екі жыл үшін салыстырмалы сипаттамаларды, растаушы суреттік мәтіндерді қамтыған орталықтың есептік баяндамасы аса мұқиятты түрде дайындалғаны көрінді. Өткен жылы аталмыш бөлімшеде барлығы 483 адам ем қабылдап шығыпты.
Инсульт орталығының меңгерушісі дәрігерлер мен орта буын қызметкерлерінің категорияларының бар болуына талдама жасапты. Осы жылы екі дәрігер мен бес мейірбике өздерінің біліктіліктерін арттыруға кірісетін болады екен.
Невропатолог дәрігер Алмагүл Күмісбекқызының ойынша, жұмысты өрістуте үшін және қызмет сапасын жақсарту үшін орталықты қосымша мамандармен толықтыру, сондай-ақ жаңа емдік-диагностикалық аппаратуралармен жабдықтау қажет. Өзінің жылдық есебінде Алмагүл Күмісбекова әріптестерінің жеткен жетістіктерін мақтанышпен атай келе, орталықтың кем тұстарын да жасырып қалмады. Сөз соңында инсульт орталығының меңгерушісі алдағы жоспарлармен бөлісіп, қызу жұмысқа кірісетінін байқатты. Ең бастысы, бұл жоспарлар сөз ғана емес, нақты іс жүзінде жүзеге асырылады.
К. Апаев