№3 ПҚА өндірістік жиналысында бас дәрігердің орынбасары Б.Б. Ерубаева қызметкерлер алдында 2015-2025 жылдарындағы ҚР Жемқорлыққа қарсы стратегиясын түсіндіріп өтті.
Әрекеттегі заңнаманың сұрақтары бойынша кезекті құқықтық жалпыоқытуға негізгі тақырып, денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлықтың көзін жою болды, нақты, әртүрлі фирмалардың дәрі-дәрмектері мен медициналық аппараттарының жарнамасы.
Айтар болсақ, дәрігерлер, медицина қызметкерлері аурухана қабырғасында жүріп, дәрі-дәрмекті сатуға, сауда-саттыққа, насихат жұмыстарына, жарнамаға, пациенттерге аксессуарларды тықпалауға құқысы жоқ. Осы тектес әр жағдай тоқтатылып, шешім қабылдауға түрткі болуы тиіс.
Осыған байланысты әр бөлімшеде емделушіні қолдау Қызметінің бұрышы қызмет атқаруда, ол жерде азаматтардың аурухана әкімшілігіне жазбаша түрде жүгіне алуына барлық жағдайлар жасалынған. Сондай-ақ, дәл сол жерде облыстық денсаулық сақтау басқармасының – 65-38-90 сенім телефоны, ҚР ДСЖӘДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау Комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің – 55-57-09 сенім телефоны, №3 ПҚА бас дәрігерінің 64-39-09 телефоны, бас дәрігердің ішкі аудит жөніндегі орынбасарының – 65-38-96 телефоны жазылған ақпараты бар.
Емделуші сонымен қатар, өзіңе ыңғайлы кез-келген түрде Павлодар қаласы, Батурин көшесі, 4/1 құрылыста орналасқан азаматтардың өтініштеріне арналған жәшігі, корреспонденттік поштасы арқылы немесе bsmp@inboх.ru электоронды мекенжайымен аурухананың сайты арқылы жүгіне алады.
Аурухана қызметкерлері тарапынан жемқорлыққа қарсы заңнаманың барлық бұзушылық жағдайларында немесе медицина қызметкерлерімен этика сақталмаса емделушінің жүгінуіне өз құқығын жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болады және бұл сұрақтың жауабын он күндік мерзімде алады.
Тағы бір мәрте еске саламыз, қала тұрғындары өздеріне қажетті сауалдарды №3 ПҚА сайтындағы «Сұрақ-жауап» атты айдарына жолдай алады.
К. Апаев