контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
Алқызыл кішкене лента – обырмен күрес белгісі
10-02-2016 20:54
Алқызыл кішкене лента – обырмен күрес белгісі

Дүниежүзілік обырмен күрес күнінің негізгі мақсаты – тұрғындардың мүдделі болуы. Шылымнан бас тарту, жатыр мойыншағының және бауыр обырын туғызатын вирустарға қарсы вакцинациялау жүргізу сияқты залалы әдеттен арылу, күнкөзінің астында көп уақыт жүруден сақтану кеселді ісіктің пайда болуын алдын алуға мүмкіндік береді.

Обырмен күрес күнінің тағы бір мақсаты, ол – түгел дәрігерлерді, мейірбикелерді, кіші буын медицина қызметкерлерін және тұрғындарды аурудың барлық мүмкін болатын белгілерімен хабардар қылу. Бұл барлық деңгейдегі дерттің ертерек анықталуын және сәтті ем үшін мүмкіндікті елеулі арттырады. Себебі, мамандарды обырдың дамуының бастапқы кезеңіндегі диагностика әдістеріне және скрининг жүргізуге үйрету өте маңызды.

Алқызыл кішкене ланта обырмен күрес белгісі екендігі белгілі. 1992 жылы Эвелин Лаудер достарымен бірлесе омырау обырымен күрес белгісі ретінде алқызыл кішкене лентаны ойлап тапқан (бұл аурумен төрт жыл өткен соң, Эвелиннің өзі де сырқаттанған). Дегенмен, ол бұл жаман сырқаттан айықты. Сол кезден бастап кішкене лента дүние жүзінде омырау обырымен күрес белгісі болып саналды. Эвелин Лаудер Estee Lauder компаниясының президенті Леонард Лаудердің әйелі. Ол вице-президент лауазымында жүріп, өнімнің пайда болуына пайдасы мол болды. Оның арқасында компания косметикалық индустрияда әлем бойынші жетекші орындарды алды. Күйеуі екеуі алқызыл кішкене ленталардың таралуына қомақты қаржы бөліп, әсіресе әйелдер қауымының дер кезінде және үнемі дәрігерге тексерілуін еске салуға жағдай жасады. Жексенбі күні Нью-Йоркте аналық без обырынан Эвелин Лаудер қайтыс болды. Лаудер омырау обырымен күрес бойынша кампанияның бастамашысы болды, оның символы алқызыл кішкене лента. Оның жасы 75-те еді.

№3 ПҚА медицина қызметкерлері емделушілермен кеңес жүргізіп, Дүниежүзілік обырмен күрес күні бойынша ұжымның жақсы хабардар болуы мақсатында семинарлар өткізді. Еске салар болсақ, барлық емханаларда кеселді ісіктердің пайда болуын ерте анықтау бойынша скрининг жарияланды.

К. Апаев