контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
№3 ПҚА жүрек-өкпе раенимациясы бойынша конференция
24-02-2016 19:03
№3 ПҚА жүрек-өкпе раенимациясы бойынша конференция

Кім не айтса да, адам бойында еш ғылымның тілі жетпейтін тылсым бары анық – деген Жан Батист Мольердің сөзімен №3 ПҚА мейірбикелік конференцияның шымылдығы ашылды. Бұл жолы жауапты ұйымдастырушы – жансақтау бөлімшесі болды.

Реаниматология (жасы, қайталануы, жаны) – ағзаның қайта жандануы туралы ғылым. Бөлімше мейірбикесі А.И. Яшина жүрек-өкпе реанимациясы, клиникалық өлім-жітім, реанимациялық шаралардың кезеңі туралы материалдар ұсынды. Мысал ретінде, адамда көрсетумен жүректің жіті тоқтап қалудың клиникалық картинасының сұрағы, сонымен қатар, бір мезгілдегі қолдан дем алдыру мен жүректің жабық массажы әдісі қарастырылды. Бұл жасалған амалдар еш нәтиже бермесе немесе биологиялық өлім фактісі көрсетілсе реанимациялық шаралар тоқтатылады. Нақты айтсақ: бас миының өліп қалу негізінде адам өлімі фактісі кезінде, сонымен қатар, өмірді сақтап дем беруге бағытталған толық іс-шара кешенін тиімсіз пайдалану жағдайынан, сондай-ақ, 30 минут ішінде өмір үшін маңызды функцияларды қалпына келтіруге бағытталған реанимациялық шаралардың тиімсіздігі кезінде.

Жиылыс танымдық жағынан тиімді болды, әсіресе ойға ой, білімге білім қосуға пайдалы болғаны рас. Слайдтар, дұрыс қалыптың, іс-қимылдың көрсетілуі – бәрі-бәрі жүрек-өкпе реанимациясы туралы мәліметтің пысықталуына себеп болды.

К. Апаев