контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
Дені саудың жаны сау!
06-06-2016 11:49
Дені саудың жаны сау!
20160606_09172920160606_09175520160606_091806 Өткен 6 маусым күні ШЖҚ «№3 Павлодар қалалық ауруханасы» КМК төрінде «Біз салауатты өмір салты үшін» ұранымен «Денсаулық фестивалі» Акциясы болып өтті. Тура сағат 9.00-де аурахананың медициналық қызметкерлері қазіргі күні ұмыт болған «Денің сау болсын десең, денеңді шынықтыр!» (орыс тіліндегі) музыка ырғағымен далаға шығып, ЕДШК нұсқаушысы С.К. Никанбекованың жетекшілігімен таңғы өндірістік зарядка жасады. Бұл қызметкер үшін де, науқастар үшін де күнделікті тірліктен аз да болсын демалуға мүмкіндік болды. Пайдалы да көңілді шараға қосыла алмағандар «дені саудың жаны сау» дегендерді терезеден қызыға тамашалады. Нұрын шашқан күн, ырғақты әуен және аз-маз физикалық жаттығулар ойлаған мақсатқа жеткіздірді: түгелі жұмыс орнына көтеріңкі көңіл күймен оралды. Ең қызығы, көбісі бұл шара қайталанса екен деген ниетте қалды. Міне, тамаша! СӨС бойынша дәрігер Л.С. Каримова