контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
Мейірбикелер сайысындағы бірінші орын
15-06-2016 15:57
Мейірбикелер сайысындағы бірінші орын
IMG-20160620-WA0004 Жуырда өткен «Үздік мейірбике - 2016» облыстық кәсіби сайыста №3 ПҚА ота мейірбикесі жүлделі бірінші орынды жеңіп алып, аурухана беделін асқақтатты. Дәстүрлі түрде өтетін жыл сайынғы додаға облыстың барлық емдеу-алдын алу мекемелерінің мейірбикелері қатысып, бақтарын сынады. Қатысушылар өзгеше бір емтиханнан өтіп, практикалық тапсырмалар орындап және тест сұрақтарына мүдірмей жауап қайтару керек болатын. Осындайда лайықты бағасын беру керек, барлық сайыскерлер сондай кәсіби биікке қол созғандығы соншалық, бірінен-бірі асты десек болар. Әсіресе, сайыс барысына куә болған жанкүйерлер де өз шараның қызу да қызықты өтуіне үлестерін қосты. Біріне жүрек-өкпе жансақтау сұрақтары оңай болып көрінсе, енді біріне таңғышты жақсы салатынын байқатты. Ұшіншісі, ішкі инъекцияның практикалық әдістерін жақсы меңгергенін көрсетті. Бір сөзбен айтсақ, бұл бәйге көңілден шықты, ал әділ қазы алқасы өз кезегінде орындарды мейірбикелердің білім сапасы мен шеберлігі бойынша үлестіріп берді. Бұл конкурстың ерекшелігі де Медицина саласы қызметкерлері күнінің қарсаңында өтуінде болды. Мәдина Сейітованың әріптестері оның жеңісіне шын жүректен қуанып, құттықтау сөздерін арнап жатты.

К. Апаев