контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
Гепатитті алдын алу бойынша конференция
25-08-2016 16:16
Гепатитті алдын алу бойынша конференция
IMG-20160824-WA0013 №3 қалалық аурухананың эпидемиолог дәрiгерi Л. Каримова аудитория алдында сөз ала отырып, гепатит дегенiмiз – ол, бауырдың асқынуы екендiгiн жеткiздi. Гепатиттiң бес түрi бар, олар - А, В, С, D жане Е. Гепатит өз алдына медициналық-әлеуметтiк мәселелердің ең бiр маңыздысы болып табылады. Тамыз айы бойы гепатитті алдын алу бойынша айлык отуде. Жер шарындағы әр үшінші адам осы жұқпамен ауыратындығы белгілі. 400 миллион адам гепатиттің В түрімен науқастанса, 500 миллион адам гепатиттің С түріне шалдыққан. Соңғы жылдары С гепатитін жұқтырғандар саны анағұрлым өскендігі байқалды, соның ішінде 70-85 пайызын 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер курап отыр. Адамның бауыр мүшесі бес жүзге тарта әртүрлі қызмет атқарады екен, ал оның қызметін жасанды жолмен жүзеге асыру әзірге мүмкін болмай отыр. Десек те, адам бақытына орай, бауырдың зақымданғаннан кейінгі қайта қалпына келу қасиеті бары тамаша екен. Сондықтан да, адам тіпті бауыр тканьінің 70 пайызын алып тастаса да, өмір сүреді. Анағұрлым анығырақ гепатиттің таралу жолдары қарастырылды: күре тамыр ішіне есірткі заттарын құйғанда, жыныстық қатынас жолдары, байланыс-тұрмыстық жолдары, стоматологиялық ем-шара кезіндегі қағыну, жедел араласу нәтижесіндегі қағыну, татуировка салдарынан. Вирустық гепаптит кезіндегі алдын алу шаралары ол, 2 жастағы балаларды екі дозамен алты ай аралығында А гепатитіне иммунизация жүргізу және медициналық қызметкерлерді екпенің Ұлттық күнтізбесіне сәйкес, В гепатитіне, сондай-ақ, қауіпті тобына жататын өзге де жұқпаларға Вакцинациялауды ұлғайту. Барлық айтылғандарды қорыта келе, конференцияға қатысушылар бірреттік құрал-саймандармен екпе және ем-шара жүргізу, екпенің қауіпсіз әдістеріне медициналық қызметкерлерді үйрету, өткір медициналық қалдықтарды дұрыс жою және басқа да істер Гепатитті алдын алуда таптырмас құрал екендігін түйді.

К. Апаев