контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
Бастысы – жеңіс емес
04-09-2016 15:14
Бастысы – жеңіс емес
1472972189_IMG_0965

Күздің бірінші айы қала тұрғындарын жақсы ауа райымен қуантуда. Павлодарда жексенбі күні күнкөзі ерекше шамағатын шашты, соны пайдаланған ұйымдастырушылар Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған спорттық дуатлонды ойдағыдай өткізуге мүмкіндік алды.

250 павлодарлықтар, орталық көшелер – Торайғыров пен Кутузовта жүргізілген көпшілік қатынасатын қалалық іс-шараның қатысушылары атанды. Шарт бойынша жүгіріс қатысушылары 10 шақырымды артта тастап, содан кейін велосипедке отырып тағы да 15 шақырымдай жерді жүріп өту керек болды. Қалалық командалық марафон құрамынан кәсіби спортшылар да, облыс әкімі Болат Бақауов та және мемлекеттік қызметкерлер де табылды.

№3 ПҚА медицина қызметкерлері, сондай-ақ, оңалту бөлімшесінің логопед маманы Қарагөз Сүнтаева аурухана намысын қорғады. Логопед жөнінде айтар болсақ, ол өзінің елу жасына қарамастан спорттық дайындығы мықты екендігін көрсетті. Соның арқасында ақ халатты нәзік келіншек өзін кәсіби спортшылармен тең дәрежеде өнер көрсетіп, тіпті, ер азаматтардан кем түспеді. Нәтиже де жаман емес. Әріптестері де мәз-мейрам. Себебі, бастысы жеңіс емес, одан маңыздысы осындай шарадан қалыс қалмай, «үйрен де жирен» демекші, білмегенді үйреніп қайту. Басты мақсатқа қол жеткізген медицина қызметкерлері, өздері үшін алынбас қамал жоқ екендігіне тағы бір мәрте көз жеткізді.

К. Апаев