11 қазан күні №3 Павлодар қалалық ауруханасының диабет мектебіне Қазақстан Республикасының Диабет Қауымдастығының мүшелері келді (ҚРДҚ). №3 ПҚА денсаулық мектебінде қант диабетімен ауыратын науқастар эндокринолог дәрігерлердің Халықаралық Қауымдастығы мүшелерімен, ҚР Диабет Қауымдастығының мүшелерімен кездесті. Сорғымен инсулин терапиясы, дәрімен қамтамасыз ету және дәрілік заттар мен өзін өзі бақылау құралдарының уақытылы жеткізілуі сияқты сұрақтар қарастырылды. Ең бастысы, алдымен, қант диабетімен ауыратын емделушілер үшін медициналық көмектің кепілді көлемінің сапасы және қолжетімділігі мәселелерінің шешіміне көңіл аударылды. ҚРДҚ мүшелері мемлекеттік органдармен өзара байланыстың күшеюін, облыстағы қант диабеті жағдайының талдамасын шығаруын өздерінің негізгі мақсаты деп білуде. Әр науқастың әңгіме барысында Қауымдастық мүшелеріне, сондай-ақ, басшы Лейла Әминқызы Жұбандықоваға әртүрлі бағыттағы сұрақтарды қоюға мүмкіндік алды. ҚРДҚ мүшелері диабет мектебіндегі оң көрсеткіштерін айтып өтіп, әсіресе нұсқаушы Т.Ю. Королеваның жұмысына риза болысты.
К. Апаев