№3 Павлодар қалалық ауруханада педикулездің (биттеушіліктің) алдын алу бойынша мейірбикелерге арналған семинар өтті. Ұйымдастырушы болып оңалту бөлімшесінің ұжымы сөз сөйледі. Презентациялық материал оңалту бөлімшесінің аға мейірбикесі Б.Ы. Қашымовамен дайындалды. Семинар дәстүрлі 8 сұрақтан тұратын пре-тесттен басталды. Мейірбике Ж.М.Айғазиновамен айтылған баяндама жарқын тамаша суреттермен сүйемелденді. Паразиттер адамның бас пен мойын терісінде мекендеп, қанмен қоректенеді. Биттердің көбею циклі аналықтың шашқа жұмыртқаны бекітуінен басталады. 8-10 күннең соң жұмыртқадан жәндік пайда болады, одан соң олар жетіліп, шамамен 2 аптадан кейін өздері жұмыртқалайды. Бит тарақ, қылшақ, бас киім, қыстырма, жастық және орамал арқылы басқа адамға көшеді. Бас тері мен мойынның қатты қышуы, биттердің белгілі бір зат бөлуінен болады. Педикулезбен ауыратын бала үнемі басын қатты қышиды, сол себептен теріде тырнаған ізі немесе тітіркену пайда болуы мүмкін. Педикулездің ауыр түрінде құлақ артындағы лимфа түйіндері ұлғайтылу мүмкін. Педикулездің бір таралу және даму себебін бөледі – бұл көптеген босқындар және үйсіз адамдар. Тағы бір маңызды нәрсе, бұл жәндіктер ұшпайды және секірмейді, тек қана жүгіру арқылы қозғалады. Педикулезді ауру адаммен қатынаста болған жағдайда жұқтырып алуға болады. Бастағы биттер адамнан адамға шаш арқылы жұғады. Көбінесе қауіп-қатер тобына балалар жатады, өйткені олар бір-бірімен ойын барысында, мектепте, үйде, балалар лагерьлерінде, бақшада үнемі байланысады, жеке гигиеналық заттармен - тарақ және орамалдарымен ауысады. Балаларды бас киіммен ауысуға болмайтынын сендіруге қиын. Тағы бір есте қаларлық факт, бұл қарапайым шаштараз педикулездің себебі болуы мүмкін. Монша, бассейн, поезд, аурухана мұндай орындарда да педикулез жұғатын орын болып келеді. Аурухана жағдайында педикулездің алдын алу шаралары туралы хабарламамен семинар өтті.
К. Апаев