контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
№3 ПҚА қызметкерлері арасында МӘМС-ті талқылау
03-11-2016 18:00
№3 Павлодар қалалық аурухананың бөлімшелерінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) енгізу мәселелері талқылануда. Әңгімелер, семинарлардың ұйымдастырушылары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың негізгі мәселелерін түсіндіре отырып, МӘМС-ті енгізу Қазақстанның денсаулық сақтау шығыстарын жабуға мүкіндік беретінің айтты. Қазақстанда неге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру таңдалды деген сұраққа, №3 ПҚА бас дәрігердің орынбасары Б.Б. Ерубаева - бұл халықтың денсаулығын сақтау саласындағы мүдделерді әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесі. МӘМС Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұрғылықты жеріне және табыстарына қарамастан медициналық және дәрі-дәрмектік көмекте тең қол жетімділікке кепілдік береді, -деп жауап берді. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейтіні медицина қызметкерлерді сондай-ақ, барлық қалған тұрғындарды әсіресе толғандырады. Кейбір тыңдаушылар басқа мемлекеттердің сақтандыру медицинасы туралы білімдерімен бөлісті. Сондай-ақ мемлекет экономикалық тұрғыдан енжар халық үшін жарналарды жүзеге асыратын болады. Жалдамалы қызметкерлер үшін жұмыс берушілер. Қызметкерлер мен салық органдарында тіркелген, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар – өздері үшін. Мемлекеттің қорғауында балалар, көп балалы аналар, мүгедектер, жұмыссыздар, интернат тәрбиеленушілері, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, зейнеткерлер болады.

К. Апаев