контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
Тәуелсіздіктің 25- жылдығы туралы «Ертіс INFORM» сюжетінде
09-12-2016 05:21
Тәуелсіздіктің 25- жылдығы туралы «Ертіс INFORM» сюжетінде
cyyOomoO3L8 9 желтоқсан мен 15 желтоқсан аралығында №3 Павлодар қалалық ауруханасында Еліміздің Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған Ашық есік апталығы жарияланды. Апталықтың алғашқы күні №3 ПҚА-на «Ертіс INFORM» ақпараттық бағдарламасы үшін «Қазақстан - Павлодар» облыстық телеарнасының түсірілім тобы келіп қайтты. ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған сюжетке дәрігерлер мен емделушілер қатысты. №3 ПҚА бас дәрігері М.Н. Ахметов өзінің берген сұхбатында, Тәуелсіздік жылдары ұжымның өткерген жолдары туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді. Хирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі С.А. Масгапов Ашық есік апталығы –акциясы жайында сөз қозғады. Қала тұрғындарын, осы күндері №3 ПҚА-сы мамандарының қызметін пайдалануға шақырды, атап айтқанда, хирургтардың, гинекологтардың, терапевтердің, эндокринологтардың, невропатологтардың қызметін. Эндокринологиялық бөлімшесінің меңгерушісі Г.К. Мейрамова сол күні қант диабеті ауруына шалдыққан науқастарға кеңес берді. Сюжетте Тәуелсіздіктің 25-жылдығы қызыл жолақпен өтуде. Тәуелсіздіктің құрбыластары – жас мамандар, биылғы жылы медицина университетін бітіріп келгендер, мамандықты таңдау туралы айтып берді. №3 қалалық ауруханада өзінің қызметтік жолын бастай отырып, олар мәртебелі мамандықты игеріп, ұжымдастары сияқты келешекте жақсы дәрігер болуды армандайдытдарын да жасырмады. Сюжеттер қазақ және орыс тілдерінде таратылды, «Күн сайын» және «Уақыт керуен» ақпараттық – аналитикалық қорытынды бағдарламаларында қайталанып көрсетілді.

К. Апаев