контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
№3 ПҚА-да «Хабар» телеарнасын ұжыммен көру
15-12-2016 08:23
№3 ПҚА-да «Хабар» телеарнасын ұжыммен көру
IMG-20161215-WA002815 желтоқсан күні сағат 11.00-де № 3 Павлодар қалалық ауруханасының мәжіліс-залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған республикалық салтанатты жиынды теледидардан көруге ұжым әзір. Мәжіліс-залына әкімшілік өкілдері, дәрігерлер, орта және кіші медициналық қызметкерлері қатысты. Тікелей таратылым басталмай бірнеше минут бұрын №3 Павлодар қалалық ауруханасының бас дәрігері М. Н. Ахметов әріптестеріне сәтті тамашалауды тіледі. Тәуелсіздік Сарайындағы республикалық салтанатты жиынының онлайн-көрсетілімі уақытында медицина қызметкерлері мұқият тыңдап, әрбір сөзін мақұлдап отырды. Біздің еліміз 25-жыл ішінде бүкіл әлем мойындалған жетістіктерге жетті. Қазақстанда жүзден астам ұлт өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүруде, осы жылдар ішінде еліміз күшейіп, жаңа кәсіпорындар пайда болды. Алдағы жылда Астана қаласында ЭКСПО-2017 көрмесі өтеді. Көптен күткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздінің 25-жылдығы өтті. Көрсетілім аяқталғаннан кейін аурухана қызметкерлері бір-бірін осы мерекемен құттықтап, жақсы әсер алып жұмыс орындарына қайтты.

К. Апаев