контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
Қош келдің, жаңа 2017 жыл!
26-12-2016 22:33
Қош келдің, жаңа 2017 жыл!
ZEL HOLIDAYS№3 Павлодар қалалық ауруханасында бөлімшелер арасында "Жаңа 2017 жылдың үздік презентациясы" атты байқау жарияланды. Байқау бұрыштарды, кабинеттерді, дәліздерді шырша әшекейлерімен безендіруді талап етеді, бір сөзбен айтқанда, жаңа жыл алдындағы атмосфераны қалыптастыру. Дәрігерлер, мейірбикелер және кіші буын медицина қызметкерлері жұмысқа белсенді қатысты. Осында көп нәрсе өз қолдарымен жасалды. Барлық бөлімшелерде түрлі-түсті шамдармен әшекейленген, шырша ойыншықтармен безендірілген, жаңа жылдың өзгермес символы – жасанды шыршалар тұр. Әшекейлер аурухана вестибюлінен басталады, құттықтау баннерлер барлық жерде ілінді. Әрине, көптеген емделушілердің жаңа жыл мерекесі күндері аурухана төсегіне түсу мүмкіндігі ескерілді және негізгі бөлім қызметкерлері күнделікті жұмыс күніндей мереке күндері жұмыс істей береді. Аурухананың кәсіподақ комитеті құрушылар шығармашылықтарын лайықты бағалады. Үздік бөлімшелер сыйлықтармен марапатталды.

К. Апаев