№3 Павлодар қалалық ауруханада "Стационардағы науқастардың емдік тамақтануы" тақырыбында семинар өтті. Диеталық тамақтану бүкіл емдеу процесінің құрамдас бөлігі болып саналады . Емдік тамақтануды тағайындаған кезде аурудың сипаты, ағзадағы бұзушылықтар дәрежесі ескеріледі. Мысалы, айта кетсек, №1 үстелі диетада, асқазанның ойық жара ауруы бар науқастарға, тағамды ұсақталған немесе ұнтақталған түрде ұсынады. №7 үстел мен №10 үстел емдәмде бүйрек ауруы, гипертониялық сырқаты бар науқастарға қайнатылған тұз шектеледі. Ал №8 және №9 диеталарында майлар мен көмірсулар құрамының азаю есебінен тағам рационының калориялығын шектейді. Науқастарды тамақтандыруды ұйымдастыруға медицина қызметкерлері, сондай-ақ ас блогының қызметкерлері де қатысады. Дәрігер науқасқа белгілі бір диетаны тағайындайды. Бұл туралы және басқа да тамақтанудың ерекшеліктері жөнінде емдәм бикесі Б.Ы. Қашымова семинарда егжей-тегжейлі айтып берді. Емдәм бикесі халі ауыр науқастарды тамақтандыруға ерекше назар аударады. Сондай-ақ, науқастарды жасанды тамақтандыру тәсілдері қарастырылды. Бөлімшелердің медицина қызметкерлері емделушілердің жеке тағам өнімдері сақталатын тумбалармен және тоңазытқыштарын қатаң қадағалауы тиіс.
К. Апаев