контакт: 8(71832)21531 irt_pol@mail.ru
адрес: Ертіс ауданы, Қожаберген батыр көшесі,15
ТМККК және МӘМС жүйесі бойынша түсіндіру жұмыстары
13-05-2026 15:03
ТМККК және МӘМС жүйесі бойынша түсіндіру жұмыстары

Не өзгерді:

1414 байланыс орталығының қызметтерінен медициналық көмектің сапасына қатысты шағымдарды қабылдау алынып тасталды.

Себебі - дербес деректерді қорғау және дәрігерлік құпияны сақтау қажеттілігі.

Шағымдарды енді қайда жолдауға болады

Азаматтар өтініштерін келесі арналар арқылы жолдай алады:

- Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми сайты: msqory.kz
- Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы

Не өзгеріссіз қалды

1414 байланыс орталығы бұрынғы режимде келесі мәселелер бойынша жұмысын жалғастырады:

- медициналық көмек мәселелері бойынша консультациялар
- ТМККК және МӘМС жүйесі бойынша түсіндіру жұмыстары