Павлодароблысының денсаулық сақтау саласындағы
сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10-бабына сәйкес, Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 309/8 қаулысымен бекітілген «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереженің 24-тармағы 10) тармақшасын басшылыққа ала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-қимыл жөніндегі шараларды іске асырудың тиімділігін арттыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Павлодар облысының денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты (бұдан әрі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт) бекітілсін.
2. Басқарманың бөлім басшылары басқаратын бөлім мамандарының осы бұйрықпен танысуын қамтамасыз етсін.
3. Арнайы медициналық қамтамасыз ету, денсаулық сақтау жүйесіндегі цифрландыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингілеу бөлімі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты Басқарманың ресми сайтында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Барлық меншік нысанындағы денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары:
4.1. Денсаулық сақтау ұйымдарының ресми сайттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты орналастыруды қамтамасыз етсін.
4.2. Денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартпен таныстырсын.
5. Осы бұйрықтың 1 және 4-тармақтарында көрсетілген тұлғалар басқарма қызметкерлері мен денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт талаптарының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.