контакт: 8(7187)342625 ali7982@mail.ru
адрес: Екібастұз қ, Мәшһүр Жүсіп к, 42 «Г».
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
"Дәрігерді үйге шақыру" мемлекеттік қызметі жайлы
12-09-2024 15:46

Үйге шақыртуларды қабылдауды МСАК ұйымының тіркеушісі телефон байланысы, колл-орталық операторы немесе "Дәрігерді үйге шақыру" ЭҮП арқылы жүзеге асырады.

      Пациент өз бетінше немесе МСАК ұйымына телефон байланысы арқылы жүгінген кезде МСАК мамандары № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген "Дәрігерлердің үйге шақыруларын есепке алу нысаны" № 056/е нысанына ақпарат енгізеді және ауызша нысанда дәрігерге барған күні мен уақытын көрсете отырып жауап береді. "Дәрігерді үйге шақыру" мемлекеттік қызметін көрсетуге сұрау салу қабылданғаннан кейін үйде медициналық көмек белгіленген уақытта көрсетіледі.

      Пациент ЭҮП арқылы жүгінген кезде пациентке "Жеке кабинетке" электрондық өтінім мәртебесі түрінде хабарлама келіп түседі. "Дәрігерді үйге шақыру" мемлекеттік қызметін көрсетуге сұрау салу қабылданғаннан кейін пациентке медициналық көмек белгіленген уақытта көрсетіледі.

      МСАК ұйымы ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі мақсатында ақпараттық жүйеге "Дәрігерді үйге шақыру" мемлекеттік қызмет көрсету туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      Үйге шақыруларға қызмет көрсетуді МСАК және (немесе) ОМҚ дәрігерлері (дәрігер болмаған кезде) жүзеге асырады.

      МСАК маманы үйдегі шақыруларға қызмет көрсету үшін мынадай көрсетілімдер (ең жиі) болып табылады:

      1) пациентке МСАК ұйымына өз бетінше баруға мүмкіндік бермейтін жіті ауыр жағдайлар:

      дене температурасының 38 градустан жоғары көтерілуі;

      әл-ауқаттың айқын бұзылулары бар қан қысымының жоғарылауы;

      бірнеше сұйық нәжіс;

      қозғалғыштығы шектеулі омыртқа мен төменгі аяқтың буындарындағы қатты ауырсыну;

      бас айналу, қатты жүрек айну, құсу;

      2) пациентке емханаға өз бетінше баруға мүмкіндік бермейтін созылмалы ауру жағдайлары (онкологиялық аурулардың ауыр ағымы, мүгедектік (I-II топ), сал ауруы, аяқ-қолдың парезі);

      3) айналасындағыларға қауіп төндіретін жіті инфекциялық аурулар;

      4) пациенттің тасымалданбауы;

      5) МСАК ұйымдарының жұмыс уақытында жедел медициналық жәрдем станциясынан берілген шақыртуларға қызмет көрсету.

      Үйге шақыру нәтижелері туралы деректер МАЖ-ға енгізіледі.