контакт: 8(7187)342625 ali7982@mail.ru
адрес: Екібастұз қ, Мәшһүр Жүсіп к, 42 «Г».
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
АҚТҚ жұқпасының алдын алу
11-11-2015 06:26
АҚТҚ жұқпасының алдын алу

АҚТҚжұқпасы

АҚТҚадамның қорғаныш тапшылық қоздырғышы. АҚТҚ басқа вирустар сияқты өте ұсақ микроорганизмдер, оларды кәдімгі микроскоп арқылы көру мүмкін емес. Вирустар көптеген жұқпалы ауруларды қоздырады: тұмау, герпестен бастап  қатерлі ісіктің кейбір түрлері.

Адамға АҚТҚ жұққан жағдайда, вирус иммунды жүйені терең зақымдап, оның қорғаныш қабілетін төмендетеді.

ЖҚТБ– АҚТҚ жұқпасының соңғы сатысы болып табылатын, жүре пайда болған қорғаныш тапшылық белгісі.

Бұл неден болады?

Адамның иммунды жүйесі біртіндеп әлсірейді. АҚТҚ жұқтырған адамда аурудың белгілері бірнеше жыл бойы дамиды. Осы жылдар бойы ол кәдімгідей өмір сүруі мүмкін. АҚТҚ вирусы адамды аурулардан қорғайтын маңызды бөлшек болып табылатын қанның ақ жасушаларын зақымдайды. Олар зақымдалған кезде адамның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті бірден әлсіреп кетеді.

ЖҚТБ диагнозы әдетте АҚТҚ жұқтырғаннан кейін бірнеше жылдан соң қойылады, ол кезде адамда бір немесе бірнеше қауіпті аурулар дамиды. Мысалы, АҚТҚ ерте белгілері:

·         Ауыз қуысының және асқазан жүйесінің кандидозы

·         Дене қызуының көтерілуі

·         Түнде терлеу

·         Іш өту

·         Арықтау

·         Жіті респираторлық жұқпалы аурулар

Алдын алу

Адамдар жай тұрмыстық қатынастар кезінде жұғып кетуден қатты қорқады. Бірақ бұл қорқыныштар негізсіз, АҚТҚ/ЖҚТБ-мен өмір сүретін адамдармен қарапайым қатынас жасау қауіпсіз. 

 АҚТҚ ауруды жұқтырған адамнан немесе ЖҚТБ-мен ауыратын адамнан жыныстық қатынас кезінде, «ауру жұқтырылған» ине, шприцтер арқылы есірткіні инъекциялық енгізу кезінде, сондай-ақ бөгде біреудің ұстарасын, татуировка жасайтын құралдарын қолданған кезде беріледі. Ауру жұқтырған адам өз баласын жүктілік, босану немесе емізу кезінде жұқтыруы ықтимал.

АҚТҚ жұқтырмас үшін жыныстық қатынас кезінде жеке бас қауіпсіздігінің ережелерін сақтау керек.