Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Өткен аптада Павлодар медавиациясы 6 шығу және 1 ұшуды орындады
27-02-2023 09:10
Өткен аптада Павлодар медавиациясы 6 шығу және 1 ұшуды орындады

Өткен аптада Павлодар медавиациясы 6 шығу және 1 ұшуды орындады


Медавиация бөлімшесінің өкілдері Екібастұз, Ақсу, Тереңкөл, Шарбақты және Баянауыл аудандарында жұмыс істеді. Қызметке түскен барлық өтінімдер ауа райының қолайсыздығына қарамастан жедел пысықталды.

Екібастұзда жедел жәрдем станциясының құрамына кіретін медициналық авиация геморрагиялық инсультпен ауыратын 45 жастағы науқасқа қажет болды. Ол Павлодарға әуе көлігімен жеткізілді.

Өткен аптада Ақсу мед авиациясы екі рет жолға шықты. Бірінші жағдайда, 53 жастағы әйелде ми қан айналымының жедел бұзылуы болды. Екінші жағдайда, жүктіліктің 28 аптасында 32 жастағы әйелге көмек қажет болды. Ол іштің өткір ауырсынуына шағымданды.

Шарбақты және Баянауыл ауданынан екі күндік айырмашылықпен бірдей өтінімдер келіп түсті. Сол жерде  мерзімінен бұрын босану болды. Салмағы аз  туылған екі бала да орталық аудандық ауруханадағы жағдайда  қала алмады. Павлодарға тасымалдау үшін сәбилерге неонатологиялық қызметтің тәжірибелі мамандары барды. Кішкентай пациенттерді тасымалдау кезінде арнайы кювез қолданылды. Балаларды облыстық перинаталдық орталыққа жеткізді, онда шала туылған балаларды күтуге арналған арнайы жабдықтар қарастырылған. Бұл шақырулардыңәрқайсысы 4-6 сағат ішінде жұмыс істеді.

Медициналық авиацияның әрбір шақырылуына, оның күрделілігіне қарамастан, Павлодар облысында тәжірибелі және жоғары білікті медицина қызметкерлерінен арнайы бригадалар құрылады. Олардың барлығы ұшу физиологиясы, реанимациялық жәрдем  көрсету  және шала туылған балалармен іс-қимыл алгоритмі бойынша міндетті оқытудан өтеді.

 

Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі