Ақылы қызмет көрсету шарттары
	Ақылы қызметтер ауру бейіні мен медициналық қызметпен айналысуға лицензия сәйкес болған кезде көрсетіледі.
	Ақылы қызмет көрсету келесі жағдайларда жүзеге асырылады:
	- пациенттердің бастамасы бойынша, оның ішінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек мамандары мен денсаулық сақтау ұйымдарының жолдамасынсыз алғашқы медициналық-санитариялық көмек, диагностикалық және емдеу қызметтерін көрсету;
	- Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының, Павлодар облысы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының дәрілік формулярына енгізілмеген дәрілік заттармен емдеу;
	- тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне кірмейтін медициналық зерттеулер жүргізу;
	- азаматтарды жұмысқа және оқуға түсу үшін медициналық тексеруден өткізу;
	- ұйыммен шарт бойынша, оның ішінде ерікті сақтандыру бойынша медициналық көмек көрсету;
	- қосымша сервистік қызметтерді ұсыну.
	Бюджет қаражаты есебінен сатып алынған медициналық жабдық бірінші басшы белгілеген кесте бойынша белгілі бір уақытта ақылы қызметтер көрсету үшін пайдаланылуы мүмкін.
    
            
                    
        
                        
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя