контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
Бас дәрігердің парақшасы

ШЖҚ «№3 Павлодар қалалық ауруханасы» КМК

сайтына қош келдіңіз!

 

Арман Толеусагиевич Отарбеков, 1967 жылы 19 шілдеде дүниеге келген, білімі жоғары, 1992 Семей мемлекеттік медициналык институтын емдеу дәрігері біліктілігі берілумен емдеу ісі мамандығы бойынша бітірген.

1992-1993 жылдар аралығында Павлодар қаласының №1 қалалық ауруханасында урология бойынша интернатурадан өтті.

Интернатураны аяқтағаннан кейін 1992-2002 жылдар аралығында Павлодар қаласының №1 қалалық ауруханасының урология бөлімінде дәрігер болып жұмыс істеді.

2001-2014 жылдар аралығында «Апатты медицина теміржол госпиталы» АҚ филиалының Көкшетау теміржол ауруханасының директоры қызметін атқарды.

2014 жылдың қараша айында ШЖҚ «Павлодар қаласының №4 емханасы» КМК бас дәрігері болып тағайындалды.

2022 жылдың желтоқсан айында ШЖҚ «Павлодар қаласының № 3 емханасы» КМК  басшысы қызметіне ауыстырылды.

2024 жылғы 13 тамыздан бастап ШЖҚ «№3 Павлодар қалалық ауруханасы» КМК-ның басшысы лауазымына тағайындалды.

Медицинадағы жалпы еңбек өтілі 32 жыл.

2006 жылы Алматы экономика және статистика академиясын бітіргеннен кейін Менеджмент бакалавры біліктілігі және академиялық дәрежесі берілді.

2016 жылы «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша магистр дәрежесі берілді.

2012 жылы «Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты берілді.